Сібірде қара жерқұлақ өсіру қолға алынды

Ғалымдар ол үшін жаңа зертханалық әдіс ойлап тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Кейінгі 200 жылда әлемде қара жерқұлақтың жылдық өнімі 1000 тоннадан 30 тоннаға дейін төмендеп кетті. Мұндай қарқынмен олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. Сібір ғалымдары аталған саңырауқұлақ түрін құтқаруға бел буды. Бірақ тұқымы жетіліп шыққанша 3-4 жыл керек.

Денис Аксенов-Грибанов, зертхана меңгерушісі:

- Жерқұлақтың симбионттары өте көп. Солар тез өсуге кедергі жасайды. Жерқұлақтың тұқымы әбден жетілгенше біраз күтуге тура келеді.

Негізі табиғатта жерқұлақтың өсуіне қабандар көмектеседі. Зерханада олардың орнын егеуқұйрық және ұлумен алмастырған.

Наталья Амедоева, кіші ғылыми қызметкер:

- Негізі жерқұлақтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Олардың тұқымы қабықшада болады. Оны жарып шығу уақыт алады. Зертханада өсіру бұл істі тездетуге септеседі.

Бұл жобаға Ресей үкіметі қолдау көрсетіп отыр. Іс-тәжірибе өміршеңдігін дәлелдесе, Сібірде әлемдегі ең сирек және қымбат саңырауқұлақ түрлері өсірілуі әбден мүмкін.

Авторы: Ернат Мелсұлы.