Үндістанда Samsung қызметкерлері қамауға алынды
Үндістандағы Samsung зауытының 104 қызметкері қамауға алынды.
Оларға рұқсатсыз наразылық акциясын ұйымдастырды деген айып тағылған. Зауыт қызметкерлері бір апта бойы жалақыны көтеруді және жұмыс күнін қысқартуды талап етіп, жұмысқа бойкот жариялады. Тараптар келісімге келе алмаған, өйткені кәсіподақ келіссөз жүргізуден бас тартқан. "Үндістандағы бұл кәсіпорын Samsung компаниясына жылына 12 млрд доллар кіріс әкеледі", - дейді мамандар. Ереуіл басталғаннан бері компанияның корей биржаларындағы акциялары 6% төмендеді.