Венгрия су тасқынының қауіпті кезеңіне дайындалып жатыр
Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан Будапеште су деңгейі 21 қыркүйекте ең жоғары деңгейге жететінін мәлімдеді.
Ақпарға қарағанда тасқыннан Дунай өзені көтерілуі мүмкін. Бұл өзен дәл осылай 2013 жылы көтерілген еді. Алапат су тасқыны Орталық Еуропа елдеріне соққан Борис ураган әсерінен болып отыр. Салдарынан Чехия, Польша, Австрия, Германия, Румыния қатты зардап шекті.