Израиль Ливан аумағын әуеден соққылады
Израиль әскері Ливанның оңтүстігін әуеден атқылады, деп хабарлайды 24kz.
Соққылар «Хезболла» ұйымының қару-жарақ сақтайтын қоймалары мен әскери нысандарына бағытталған.
Естеріңізде болса, бұған дейін Ливанда пейджерлер мен басқа да техника жаппай жарылған еді. Соңғы мәлімет бойынша 32 адам көз жұмды. Мыңдағаны жараланған. Жергілікті «Хезболла» ұйымының өкілдері бұған Израильдің арнайы қызметін кінәлап, кек қайтаратындарын жария етті.
Бірақ еврей елінің билігі шабуылдарды растамады да, жоққа да шығарған жоқ. Бұл оқиғалардан кейін Израиль жоғары жауынгерлік дайындығына көшіп, әскери күшін Ливанмен шекарадағы солтүстікке қарай бағыттады. Осыған байланысты шекаралас аймақтағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.