Газа секторында емдеу орындары жабылып жатыр

Газа секторында ахуал ушығып барады.

Израильдің атқылауынан зардап шеккен тұрғындарға шұғыл көмек көрсету үшін аймақта дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткіліксіз. Палестина денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өңірде емдік құрылғылардың 80%-ы таусылған. Соның кесірінен бірнеше емдеу орындары мен ондағы операция бөлмелері уақытша жұмысын тоқтатты. Емделу үшін аймақ шекарасынан шығуға тыйым салынған. Өйткені Рафах бақылау бекеті мамыр айынан бастап жабық тұр. Бұл мыңдаған тұрғынның өміріне қауіп төндіреді. Кей науқастар ота үстелінде қаза тапқан.