2050 жылы атом электр қуатын өндіру 2,5 есе өседі

2050 жылға қарай әлемде атом электр энергиясын өндіру көлемі 2,5 есе өсуі мүмкін.

МАГАТЭ агенттігі осылай деп болжап отыр. Бүгінде дүниежүзі бойынша 31 ел атом электр станциясының игілігін көріп отыр. Тағы 30 мемлекет осындай қуат көзін өндіруді қолға алмақ. Түркия, Мысыр, Бангладеште станса құрылысы аяқталуға жақын. Олар алдағы бірнеше жылда пайдалануға беріледі. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің мәлімдеуінше, әлемде атом энергетикасының танымалдылығы артқан. Сала шағын реакторлар технологиясының дамуымен күшейеді деген болжам бар.  

Бьёрн Берге, Еуропа кеңесі бас хатшысының орынбасары:
-
Жуырда мен БҰҰ-ның есебін оқыдым, сонда атом энергиясының өндірісі экологиялық таза екені жазылған. Онда ауқымды қауіпсіздік жүйесі, процедурасы және атқарылған жұмыстар атом энергиясын пайдалануға қызығушылықты арттыра түскені айтылған.  

Хироюки Ушида, Страсбургтегі Жапонияның бас елшісі:
-
Атом энергиясы қазір маңызды энергетикалық ресурсқа айналғанын атап өту керек. Бұл салада ең бастысы энергия қажеттілігі мен қауіпсіздік арасында тепе-теңдікті сақтау қажет.