Израиль Бейрутты атқылап, 14 адам мерт болды

Израиль Бейрут қаласына шабуыл жасады, деп хабарлайды 24kz.

Салдарынан 14 адам қаза тапты. Олардың қатарында «Хезболла» қозғалысының тағы бір жетекшісі Ибрагим Акиль бар. Тағы 66 адам жараланған. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұған дейін Ливаннан Израильдің солтүстігіне 130 реактивті снаряд ұшырылған. Олар алдымен 60, содан кейін тағы 70 снарядты екі кезең бойынша іске қосты. Бірақ Израиль әскери күштері олардың кейбіріне тосқауыл қойған. Өзара атыс «Хезболла» жетекшісінің үндеуінен кейін басталды. Ол Израильдің соққысын аяқсыз қалдырмайтынын ескертті.