Еуроодақ елдерінде көлікке сұраныс азайды

Еуроодақ елдерінде автокөлік сатылымы өткен айда 18,3% төмендеді.

Бұл – кейінгі 3 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ электромобильге сұраныс 43,9% азайды. Reuters агенттігі осылай деп мәлімдеді. Сарапшылар мұны Еуропа елдерінде пандемия кезеңінен кейін көлікке сұраныстың күрт төмендеп, саладағы субсидия бағдарламасының жиі өзгеруімен байланыстырады.

Нарықтағы құлдырау әсіресе Германия, Франция және Италияда байқалады. Дағдарыстың алдын алу үшін Германия үкіметі электромобиль сатып алатын компанияларға салық жеңілдіктерін енгізу туралы шешім қабылдады.