Оңтүстік Африка Республикасында қар жауды

Оңтүстік Африка Республикасында қар жауды

Қолайсыз күн райына байланысты ел астанасы Йоханнесбург пен Дурбан қалаларын жалғайтын және басқа бірнеше тасжолдың кейбір бөліктері жабылған.

Төтенше жағдай қызметкерлерінде маза жоқ. Олар күні-түні жұмыс істеп, жүргізушілер мен жолаушыларға жылы көрпелер мен ыстық тамақ жеткізіп әлек. Кейбір адамдар көлігінде түнеуге мәжбүр болған.