БҰҰ БА сессиясының аясында «Болашақ саммиті» басталды

Дүниедегі дүрбелең “Болашақ саммитінде" қаралып жатыр.

Бұл БҰҰ Бас Ассмаблеясының 79-сессиясы аясындағы жиын. Жиынға біздің елден Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқа Істер Министрі бастаған делегация барған. Мұрат Нұртілеу бүгін осы алқалы жиында сөз алуы мүмкін.

Талғат Алманов, тілші:

- Бас Ассамблеяның 79-сессиясы аясында өтіп жатқан Болашақ саммитінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сөз сөйлейді деп күтілуде. Бұл бас қосуда делегация өкілдері қазіргі әлемдік ахуалды жақсарту және болашақты қамтамасыз ету жолында жаңа халықаралық мәміле табуды көздеп отыр. Екі күнге созылатын шара аясында тұрақты даму және қаржыландыру, бейбітшілік пен қауіпсіздік, цифрлық болашақ, жастар мен болашақ ұрпақ, сондай-ақ жаһандық басқару мәселелері талқыланбақ.

Антониу Гутерриш, БҰҰ-ның Бас хатшысы:

- 21-ғасырдағы мәселелермен күресу үшін заман талабына сай шешімдер қажет. Себебі қазіргі кезде күресу керек мәселелер көп. Біздің көп жақты құралдар мен институттар бүгінгі саяси, экономикалық, экологиялық және технологиялық қиындықтарға тиімді жауап бере алмай отыр. Сондықтан бұл қиындықтардан құтылу үшін жұдырықтай жұмылып жұмы істеуіміз маңызды. Сонымен қатар СІМ Мұрат Нұртілеу бірнеше екі жақты кездесу өткізіп, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Сербиялық әріптесі Марко Джуричпен өткен кездесуде 2027 жылы сол елде өтетін ЭКСПО көрмесіне қазақстандық компаниялардың қатысатынын растады. Сонымен қатар екі ел арасындағы байланыс және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Албанияның Сыртқы Істер Министрі Игли Хасанимен де кездесті. Естеріңізде болса, жақында ғана Албания астанасы Тиранада Қазақстан елшілігі ашылған еді. Екі елдің дипломаттары бұл қадам мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтергенін мәлімдеді. Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Анголаның Сыртқы істер министрі Тете Антониомен, Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен де кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. 

Талғат Алманов, тілші:

- Айта кетейік, Саммиттің қорытындысы ретінде Болашақ үшін Пакт, Жаһандық цифрлық келісім және Болашақ ұрпақтарға арналған декларация сияқты үш негізгі құжат қабылдануы мүмкін.

Талғат Алманов