Британияда бір күнде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсті

Әлемде ауа райы тосын мінез танытып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен Ұлыбританияның орталығы мен оңтүстігін су басты. Аймақта 1 күннің ішінде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Жолдар жабылып, ел астанасы Лондонға баратын кейбір пойыздар тоқтады. Базард қаласында көшелер өзенге айналған. Тұрғындар ешқандай шара қолданбай отырған билікке наразы. Синоптиктер жаңбыр басылмайды, тіпті кейбір жерде жауын-шашын мөлшері 120 миллиметрге дейін жетеді деп ескертті.

Сунил Ладуа, жергілікті тұрғын:

- Құзырлы органдардың қамсыздығына қарным ашады. Тасқынмен күреске өте көп ақша бөл демейміз, жеткілікті түрде жұмыс жасалса деп күтеміз.