Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек қоры азайды
Францияда басы аурып, балтыры сыздағандар өзіне қажетті дәрі-дәрмекке қолы жете бермейді.
Әсіресе инсулин мен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қиын. Франция Еуропадағы антибиотиктерді көп тұтынатын төртінші ел. Былтыр ресми дерек бойынша, дәрі-дәрмек тапшылығы туралы 5 мыңға тарта ескерту жарияланған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Қазір дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры түгесілген. Осыған байланысты Франция ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігі 11 фармацевтикалық компанияға 8 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Жақында қабылданған заңға сәйкес, фарм компаниялардың қорында 4 айға жететін дәрі-дәрмек болуы керек.
ЦИТАТА:
Жағдай күрделі. Өйткені біз 2023 жылы дәрі-дәрмек тапшылығының 5000-нан астам тіркелген жағдайларын анықтадық. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға, 2018 жылмен салыстырғанда алты есе көп.
Александр де Вольпийер, Ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігінің бас директоры
Францияда дәрі өндіретін жаңа зауыт ашылады
Сондай-ақ кейінгі айларда Францияда қарапайым парацетамолдың өзі жетіспейді. Осыған байланысты, алдымыздағы жылы Тулуза қаласында парацетомал өндіретін бірінші еуропалық зауыт ашылмақ. Осылай Франция Қытай, Үндістан, АҚШ-қа тәуелді болғысы келмейді. Өйткені, Аталған препараттың 85 пайызға жуығы осы елдерде өндіріледі.
Дәрі-дәрмек тапшылығы Францияда ғана емес, Германияда өткір сезіледі. Әсіресе кейінгі 10 жылда қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы, сондай-ақ көзге тамызатын сұйық дәрілерге сұраныс күрт артқан. Байер атымен танымал неміс фармацевтика өнеркәсібі - дәрі-дәрмек экспорты бойынша әлемде көшбасшы. Жылына шамамен 130 миллиард АҚШ доллары көлемінде өнім сатады. Әлемдік нарықтағы үлесі 15 пайыз. Осыған қарамастан Германия тұрғындарының 40% - дан астамын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете алмай отыр. Оған пандемия әсер еткен. Осылайша дәрі-дәрмекке арналған негізгі ингредиенттер Азиядан келгендіктен, Германия қазір Қытай мен Үндістанға тәуелді.
ЦИТАТА:
Көтерме бағамен белсенді қоспалар мен өндіріс шығындарының тез өсуі парацетамол сироптары сияқты қарапайым дәрі-дәрмекті өндіруді пайдасыз бизнеске айналдырады. Ешбір компания ұзақ мерзімді перспективада бұған төтеп бере алмайды.
Андреас Бурхардт, фармацевтикалық компанияның бас директоры
Мамандардың пайымы бойынша кәрі құрылқта дәрінің жетіспеуіне шикізат пен электроэнергияның қымбаттауы себеп. Сондай-ақ Еуропаның фармацевтикалық компаниялары жұмыс күші арзан болған соң зауыттарын Қытай мен Үндістанға көшірді. Геосаяси ахуал ушыққалы препараттарды Азиядан тасымалдау қиынға соққан.
Әлемдік нарықта дәрі-дәрмек тапшылығы 30%-ға артты
Аталған елдер әлемдік дәрі-дәрмек нарығында өнім өндіруден көшбасшы елдер. Үндістан мен Қытайдағы фармзауыттардан әлемдік дәрі-дәрмектің 80 пайызы шығарылады. Сондай-ақ бұл тізімде АҚШ, Жапония, Солтүстік Корея және Ұлыбритания бар.