Жапонияда «Нинтендо» компаниясы ашылады
Бейнеойындар жасаумен айналысатын жапондық «Нинтендо» компаниясы келесі аптада өзінің мұражайын ашады.
Ол Киото қаласында бас пәтеріне жақын жерде орналасқан. Келушілер НинтЕндоның түрлі құрылғыларын тамашалап, интерактивті ойындар ойнай алады. Сондай-ақ кезінде ойын карталарының өндірушісі ретінде құрылған компанияның даму жолымен таныса алады. Музей ашылмай жатып, алдағы екі айға билеттердің барлығы сатылып кеткен.
БЛИЦ
1."Біз мұражайды көршу үшін арнайы Қытайдан келдік. Ішіне кіре алмайтынымыз өкінішті. Бірақ сыртынан көріп қайтқанымыздың өзіне қуаныштымыз."
- " Мен кезінде Нинтендоның біраз ойындарын ойнағам. Мұражайға барғым келеді. Бірақ әзірге билет жоқ деп естідім. Сондықтан тіпті жергілікті тұрғындардың өздеріне кіру оңайға соқпайтын сияқты."