Әскери көсемнің өлімі қақтығыстың аяқталуы дегенді білдірмейді – Сарапшы

Израиль өз әскерін Ливанның солтүстік шекарасына орналастырды.

Енді олар «Хезболла» тұрған аумаққа тек әуеден емес, жерде де тікелей шабуыл жасамақ. Бұл қозғалыс жетекшісі Хасан Насралланың өлімінен кейін, жедел жасалған әрекет. Хезболла көшбасшысының қазасына, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху "Израильге қарсы күштердің тепе-теңдігіне өзгеріс әкелетін тарихи бетбұрыс" деп баға берді. Алайда Таяу Шығыс бойынша сарапшы Ақмарал Баталова арнамызға берген сұхбатында Насралланы жою ұйымның сағын сындыруға әсер етпейді, дейді.

Ақмарал Баталова, Таяу Шығыс бойынша сарапшы:

- Хезболла жалғыз емес, бірнеше құрылымнан тұрады. Егер бір көшбасшы қайтыс болса, оның орнына екіншісі отырады. Израильдің барлау агенттігі қолынан қаза тапқан көшбасшылар аз емес. Насралланың өлімі Иран, Ирак, Йемен, Сирия, Палестина кіретін ұйымның Израильге қарсы тұруын күшейтпесе, кері әсер етпейді.