Араб елдерінің әуе компаниялары Бейрутқа ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты

Араб елдерінің әуе компаниялары Израиль мен «Хезболла» арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты Бейрут бағытындағы рейстерді шектеу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды 24kz.

Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Египет, Иордания және Қатардағы әуежайлардың кестесіне өзгеріс енгізілді. Бұл қазанның ортасына немесе жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады. Өйткені екі тарап арасындағы қақтығыс күннен күнге күшейіп барады. Соңғы ақпар бойынша Израиль «Хезболла» көшбасшысының қазасынан кейін ұйымның өзге де белді мүшелерінің көзін жойғанын ресми жария етті.