АҚШ-та дүлей дауыл салдарымен күрес жалғасып жатыр
АҚШ-тың Флорида мен Солтүстік Каролина штаттарында дүлей дауыл салдарымен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бір сәтте аймақтағы нысандардың шатырын ұшырып, ағаш пен электр бағандарын құлатып, бұқараны жарықсыз қалдырған желдің шығынын жергілікті шенділер әлі есептеп біте алмай жатыр. Алдын ала есеп бойынша тілсіз жау 15 пен 100 миллиард доллар аралығында залал келтірген. Қазір аймақта жанармай тапшы. Тұрғындар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Билік өкілдері келтірген мәлімет бойынша «Хелен» дауылынан миллиондаған адам зардап шегіп, 60-тан астамы опат болды.