Есірткі сақтағаны үшін Грузияға қашқан күдікті елге қайтарылды
Есірткі сақтағаны үшін елден қашып, Грузияда ізін жасырған азамат Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр маусым айында оның көлігінен салмағы 19 граммға жуық 15 мефедрон орамасы табылған еді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті ізін жасырып, шекара асқан. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды. Ал биыл қаңтарда күдікті Грузия аумағында ұсталды. Қазақстанға экстрадицияланған азамат 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.