Ливанның миллионнан астам халқы босып кетті
Бүгін Израиль Ливанның оңтүстігінде құрлықтық шабуылын бастады.
Бұл туралы олар өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Құрлық әскері елді мекендердегі әскери нысандарды атқылаған. Рейтер агенттігінің ақпары бойынша Ливан армиясы Израильмен арадағы шекарадан 5 шақырымға кейін шегінген. Газадағы әскери іс-қимылмен қатар жүріп жатқан бұл шабуылдың қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.
Еврей әскерінің қырғынынан мыңдаған ливандық көрші елдерге қашып жатыр. Осы уақытқа дейін 100 мыңға жуық тұрғын Сирияға, Кипр мен Грекияға ауған. Франция мен Түркияға қашқандар қатары да аз емес. БҰҰ дерегі бойынша шабуылдан Ливанда миллионнан астам адам үйлерін тастап, босып кеткен. Аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты әлем елдері де өз азаматтарын эвакуациялауға көшкен. Мәселен, Германия Бейруттегі 110 немісті ұшақпен Берлинге жеткізген. Олардың арасында елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері бар. Болгария да қарулы қақтығыс аймағында қалып қойған 89 азаматын әкетіп жатыр. Ал Канада мен Ұлыбритания отандастарын құтқару үшін чартерлік рейстер ұйымдастырды.
Натали Кессервани, Ұлыбритания азаматы:
- Ливандағы ахуал өте күрделі. Бүкіл ел бойынша қауіпсіз жер жоқ. Атыс-шабыс өршіп тұр. Өте қорқынышты. Балаларым әбден шошып қалды. Шиеленістің ушығуынан жергілікті жұрт ауылдағы үйлерін тастап, ел астанасына ағылып жатыр. Көбі көшеде түнеп жүр.
Израильдің мақсаты – «Хезболланың» әскери инфрақұрылымын жою
Бүгін Израиль Ливанның оңтүстігінде құрлықтық шабуылын бастады. Бұл туралы олар өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Құрлық әскері елді мекендердегі әскери нысандарды атқылаған. Рейтер агенттігінің ақпары бойынша Ливан армиясы Израильмен арадағы шекарадан 5 шақырымға кейін шегінген. Газадағы әскери іс-қимылмен қатар жүріп жатқан бұл шабуылдың қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Белгілісі, ЦАХАЛ бұл операцияға бірнеше ай бойы дайындалған. NBC News дерегіне сәйкес шабуылдың негізгі мақсаты – «Хезболла» күштерін шекарадан ығыстырып, ұйымның әскери инфрақұрылымын жою. Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша еврейлердің толассыз шабуылынан 95 адам опат болып, 172 азамат жарақат алған.
Ливан қырғыны: әлем елдері не дейді?
Жалпы еврейлердің қалың қолы Ливанға тұтқиылдан шабуыл жасап, ел аумағына басып кіруіне әлем елдерінің көзқарасы әртүрлі. Бірі жақтаса, бірі даттап отыр.
Ллойд Остин, АҚШ-тың қорғаныс министрі:
- Бүгін Мен Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галантпен қауіпсіздік мәселелері мен Израильдің операциялары туралы сөйлестім. Мен Америка Құрама Штаттарының Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдайтынын анық айттым. Біз ливандық «Хезболла» ұйымының былтыр 7 қазанда болған оқиғадағыдай Израильдің солтүстігіне шабуыл жасай алмауын қамтамасыз ету үшін шекара бойындағы инфрақұрылымды жою қажет деп келістік. Мен бейбіт тұрғындардың үйлеріне оралуын қамтамасыз ету үшін дипломатиялық шешім керек екенін растадым.
Луис Инасиу Лула да Силва, Бразилия президенті:
- Мен Израильдің Ливанға шабуыл жасап, жазықсыз адамдарды өлтіріп жатқанына қарсымын. Қатаң айыптаймын.
Дэвид Лэмми, Ұлыбритания сыртқы істер министрі:
- Бірнеше минут бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Тони Блинкенмен телефон арқылы сөйлестім. Біз екеуіміз де Біріккен Ұлттар Ұйымының атысты дереу тоқтатып, бейбіт бітімге келу деген ұстанымын қолдаймыз.
БҰҰ дерегі бойынша әскери шабуылдан Ливанда миллионнан астам адам үйлерін тастап, босып кеткен. Мыңнан аса адам көз жұмған. Соның 104-і бала болса, 200-ге жуығы – әйел.