Халықаралық әуе компаниялары ұшу бағыттарын өзгертті

Иранның Израильге шабуылы кезінде бірқатар әуе компаниясы ұшу бағыттарын өзгертті.

Израиль, Ирак және Иордания әуе кеңістігін жауып тастады. Тель-Авивтегі Халықаралық Бен-Гурион әуежайы рейстерді қабылдауды 12 сағатқа тоқтатты. Сондай-ақ Иран астанасы Тегерандағы барлық ішкі және сыртқы рейстер кейінге шегерілді. Ал кеше "Эмирейтс Эрлайнс" Дубайдан Бағдат, Тегеран, Амман бағытындағы рейстерді тоқтатқанын мәлімдеді. Ал Люфтханзаның Цюрих пен Дубай арасындағы рейсі бағытын Түркияның Анталья қаласына өзгертті.