ҚР Көлік министрлігі тарапынан Иранның әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

Еліміздің Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты отандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуді немесе баламалы бағыттарды таңдауды ұсынды.

Аталған өңірде ұшу бойынша бұған дейін жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алу қажет. Осыған байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуға шешім қабылдаған. Сол себепті Астана мен Алматыдан рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Ал Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады. Компания басшылығы өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда ұшу уақытының қайта қаралатынын ескертті.