Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Бүгін түнде Израиль Ливан астанасы Бейрутке бірнеше жерден соққы жасады.
Алдын-ала ақпар бойынша Израиль Бейруттің оңтүстік бөлігін 10 рет әуеден атқылаған. Шабуыл салдарынан кейінгі 1 тәуліктің ішінде Ливанның 2 әскери сарбазы, сондай-ақ 28 денсаулық сақтау қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус хабарлады. Ал Израиль кейінгі шабуылын халыққа емес, «Хезболлаға» жасалған шабуыл деп мәлімдеді.