Ұлыбритания Чагос аралын Маврикийге қайтарып береді

Ұлыбритания Үнді мұхитында орналасқан Чагос аралын Африкадағы Маврикийге қайтарады.

Сөйтіп, екі ел арасында ондаған жылға жалғасқан жанжал аяқталды. Мұнда америкалықтар мен британдықтардың әскери базасы орналасқан. Енді Чагос Маврикийдің құзыреттігіне өткенімен, оның база орналасқан бөлігі Вашингтон мен Лондоннның қарамағында қалады. Маврикийдің бұрынғы отары Ұлыбритания 1960-шы жылдардың соңында Чагос аралын елден бөліп тастап, онда әскери база құрған. Африкадағы бұл мемлекет талай жылдар бойы мұның заңсыз екенін айтып, дауласып келді. Сөйтіп, 2019 жылы БҰҰ-ның халықаралық соты аралды кері қайтару туралы шешім шығарған.