Араб елдері лигасы Израильдің әрекетін қатаң айыптады

Араб елдері лигасы Израильдің әрекетін қатаң айыптады.

Бас хатшының көмекшісі Хоссам Заки Ливандағы жағдай, аймақтық соғысқа айналып кетуі мүмкін деп ескертті. Сондай-ақ Ливанның тұрақты өкілі Әли Хасан әл-Халаби де сөз алып: «Елге жасалған шабуылдың, өзге араб мемлекеттеріне қауіп тудырмайтынына ешкім кепілдік бермейді», – деді.

Әли Хасан Әл-Халаби, Араб елдері лигасындағы Ливанның тұрақты өкілі:

- Израильдің қатыгез ұстанымынан, 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. 1 млн 200 мың адам өз елінен кетуге мәжбүр болды. Бас амандығы үшін, шекара асып өзге елге кеткендері кетіп жатыр. Ал үйсіз күйсіз далада бала-шағасымен қалғандар қайтеді?! Израильдің бұл әрекеті адами азғындық. Соғыстың да өз ережесі тәртібі болады. Бұл ретте Израильдің қылмыстық әрекеті барған сайын үдеп барады.