Израиль әскері Ливанды атқылауын жалғастырып жатыр

Бүгін түнде ел астанасы Бейруттің іргесіне екі әуе соққысы жасалды, деп хабарлайды 24kz.

Әскерилер «Хезболла» ұйымының қару-жарақ сақтайтын қоймалары мен командалық бекеттерін көздеген. Осыған байланысты тұрғындарға бұл нысандардан кемі 500 метр қашықтыққа эвакуациялану туралы ескерту жасалған. Бұдан бөлек, еврей елінің Ливанда құрлықтағы операциясы да жалғасып жатыр. 1 қазаннан бері әскерилер «Хезболла» ұйымының 250 мүшесінің көзін жойдық деп отыр.