БАӘ-де криптовалюталық транзакцияларға салық салынбайды

Біріккен Араб Әмірліктерінде криптовалютамен жасалатын транзакцияларға салық салынбайды.

Тиісті талап 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге инвестициялық қорларды басқару, цифрлық активтердің конвертациясы жатады. Бірақ құнды қағаздарға қатысты операцияларға бұрынғысынша салық салына береді. Жергілікті биліктің бұл саясаты жаһандық инвестицияларды ынталандыруға, сондай-ақ стартаптар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.