Шабуылдан кейін Ливанда бес аурухана жабылды
Ливанның оңтүстігінде Израиль әуе шабуылдарынан кейін 5 аурухана жабылды.
Қазір аймақта бір ғана аурухана жұмыс істеп тұр. Бірақ дәрі-дәрмек пен жанармай таусылуға жақын. Естеріңізге сала кетейік, Ливан билігі Израильдің түні бойы әуе соққысын жасап, кейінгі 2 аурухана жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
Мона Абу Зейд, аурухананың бас дәрігері:
- Бізде генераторларға құятын шамамен 10 мың литрдей ғана жанармай қалды. Олар 2-3 күнде бітеді. Әрі қарай қалай жұмыс істейтінімізді білмеймін. Бізді ауданда 4 аурухана жабылып үлгерген. Барлық салмақ бізге түсіп жатыр.
Израильдің солтүстігінде әуе дабылы іске қосылды
Израиль
Ал Израильдің солтүстігінде зымыран шабуылын ескертетін әуе дабылы іске қосылды. Бұл туралы ел әскерінің баспасөз қызметі хабарлады.