Бішкекте «Қазақстан қырғыз суретшілерінің көзімен» атты көрме ашылды
Экспозицияға бас-аяғы 30-ға тарта туынды қойылған.
Олардың барлығы дерлік қазақ халқының тұрмыс-салты, мәдениеті мен тарихынан хабар береді. Мәселен, мына бір картина "Жамбыл. Маймақ бекеті-1943" деп аталады. Мұнда қылқалам шебері соғыс жылдарын бейнелеген. Көрмеде ұсынылған еңбектер әр жылдары жарық көрген. Тіпті орындалу техникасы да алуан. Осыдан 13 жыл бұрын салынған картиналармен қатар, әлі бояуы кеуіп үлгермегендері бар. Көрмені Гапар Әйтиев атындағы өнер мұражайында қазанның 24-іне дейін тамашалауға болады.
Қадырқұл Орозматов, Қырғызстанның халық суретшісі:
- Қырғызстан мен Қазақстанда теміржол бойында осындай бидай алқаптары болған. Олар күндіз-түні осындай жағдайда жұмыс істеп, майданға көмектесті. Тек әйелдер, қарттар мен балалар қалды. Қалғандарының барлығы майданға аттанды, бірақ олар жеңісті жақындатуға осылайша атсалысты.