Нетаньяху «Хезболла» көсемінің екі ізбасары қаза болғанын мәлімдеді
Израиль әскері осының алдында көзі жойылған «Хезболла» көсемі Хасан Насралланың екі ізбасарын да мерт қылды.
Бұл туралы еврей елінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливан халқына арнаған үндеуінде айтты. Құрбандар арасында «Хезболланың» қаржы мәселесімен айналысқан Хашем Сафиеддин бар. Израиль әскері ол жасырынған бункерді бомбалаған. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми тұрғыда расталған жоқ.