БҰҰ: 400 мың адам Газаның солтүстігінде қамалып отыр

Қарулы қақтығыс кесірінен олар ешқайда шыға алмайды.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы өкілдігі мәлімдеді. Аймаққа үздіксіз шабуыл жасап жатқан Израиль билігі Джабалиядағы палестиналықтарға босқындар лагерінен кетуді талап еткен. Бірақ көптеген тұрғындар бұдан бас тартты. Елге аштық қаупі төніп тұр. Израиль әскерінің шабуылы балаларға полиомиелитке қарсы вакциналаудың екінші кезеңіне кедергі келтіруі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Израиль әскері құрлық операциясын 6 қазанда бастаған болатын.