Boeing қызметкерлері наразылық шеруді жалғастырады

Boeing компаниясы шеруге шыққан қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту туралы талабын орындамады.

Кәсіподақ өкілдерімен жүргізілген келіссөздер барысында әуе компаниясы 4 жыл ішінде қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруге уәде берген еді. Бірақ шеруші тарап бұған келіспеді. Олар айлықты бірден 40 пайызға өсіруді талап етіп отыр. Бұдан бөлек, компания медициналық көмек пен зейнетақы төлемін ұлғайту қажет. Кәсіпорын жұмысшылары компаниямен арадағы келісімшарт 16 жыл бойы өзгермегенін айтып, бір ай бойы шерулетіп келеді.