Флорида штатындағы дауыл салдарын жою жұмыстары басталды

АҚШ-тың Флорида штатында ойран салған Милтон дауылы салдарын жою жұмыстары басталды.

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Оның мәліметіне сәйкес, апат аймағында әлі күнге дейін 3 миллионға жуық үй жарықсыз қалған. 13 ғимарат толығымен қирап қалған. 100-іне айтарлықтай зақым келген. Осыған байланысты ел президенті Джо Байден өңірдегі жағдайды қалпына келтіру үшін жергілікті билікке федералды көмек көрсету туралы пәрмен берді. Айта кетейік, алдын ала есеп бойынша табиғи апаттан келген шығын көлемі шамамен 50 миллиард долларды құрауы мүмкін.