АҚШ Израильдің әуе қорғанысын күшейтуге көмектеседі

Иранның Израильге жасаған қарымта шабуылынан кейін екі апта өтті.

Израиль тарапы бұл әрекет жауапсыз қалмайды деп бірнеше рет мәлімдеді. Джо Байден әкімшілігі Израильдің әуе қорғанысын күшейтуге ниетті екенін жеткізді.

Талғат Алманов, тілші:  

- АҚШ-тың бүгінгі мәлімдемесі Таяу Шығыстағы жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін. Себебі бүгін АҚШ-тың Израильге жоғары биіктіктегі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жіберітіні белгілі болды. Бұл туралы Пентагон басшысы Ллойд Остин мәлімдеді. Оның айтуынша THAAD анти-баллистикалық жүйесі Израильдің әуе қорғанысын күшейтуге көмектеспек. Онымен қоса алдағы уақытта Израильге амеркиалық әсукери персонал жіберілмек. Осылайша АҚШ Израильді қорғауға және Иран тарапынан келетін баллистикалық зымырандарға қарсы тұруға мүдделі екендігін көрсетті.

Бұған дейін Тегеран Вашингтонға бірнеше рет ескерту жасады. Америкалық әскери күштерді Израиль аумағынан аулақ ұстауды ескертті. Израиль Иранға қарымта шабуыл жасайтын болса мұның арты өте қауіпті болуы мүмкін дегенді де айтты. Соған қарамастан АҚШ билігі бүгін осындай шешім қабылдап отыр. Айта кетейік, АҚШ үкіметі Израильге жылдар бойы үлкен әскери көмек көрсетіп келеді. Мысалы, Байден әкімшілігі өткен жылдың қазан айынан бері өзінің одақтасына қосымша 14 миллиард доллар көмек беруге рұқсат етті. АҚШ Израиьлдің берік одақтасы екенін бүгінгі мәлімдеме кезекті рет дәлелдеді.