Израильге THAAD кешенінің алғашқы бөліктері жеткізілді
Израильге зымыранға қарсы THAAD қорғаныс кешенінің алғашқы бөліктері жеткізілді. Оны АҚШ жіберген.
Еврей еліне жүйеге қызмет көрсететін америкалық әскерилер де келіп жетті. THAAD орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды атып түсіруге арналған.
Сарапшылар Израиль осылайша екі апта бұрын Иранның зымыранмен шабуылына жауап қайтаруға дайындалып жатқанын айтады. Негізі Таяу Шығыстағы ахуал ушыққалы АҚШ өзінің одақтас еліне 50 мың тоннадан аса қару-жарақ пен әскери техника жіберген екен.