Израиль Қорғаныс министрі Ливандағы әскери іс-қимылды тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
Израиль армиясы Ливандағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады. Елдің қорғаныс министрі Йоав ГАлант оны іске асыру қазір өте қиын деді. Ведомство басшысы жуырда елдің солтүстік шекарасында Армия командирлерімен кездесіп, аймақтағы ахуалмен толығырақ танысты. Оның айтуынша, қазір Хезболла қозғалысының мүшелері тұтқынға түсіп жатыр. Бұл еврей армиясы жетістігінің айқын көрінісі. Израиль өз азаматтарын ливан шекарасы маңындағы үйлеріне қайтармайынша, ел әскері Хезболламен күресті доғармайды, деді Галант.