Кубада 10 млн тұрғын жарықсыз отыр

Кубада ең ірі электр стансысы істен шығып, 10 млн тұрғын бірнеше күннен бері жарықсыз отыр. Амалы құрыған халық қараңғыда от тұтатып, майшам жағып күнелтіп отыр. Жарықтың болмауына байланысты билік мектептер мен кей мекемелердің жұмысын уақытша тоқтатуды тапсырды.

Қазір елде мазут қолдану арқылы электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

Кубада жарықтың жиі өшуінен гуманитарлық дағдарыс белең алды. Тұрғындар азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек тапшылығын тартып отыр.