Газа секторына жасалған әуе шабуылынан 81 адам көз жұмды

Израиль әскерінің Газа аумағына жасаған әуе шабуылы салдарынан 81 адам қаза тауып, тағы 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.

Көбі әйелдер мен балалар. Соққы өңірдің солтүстігіндегі Бейт-Лахия қаласына жасалды. Салдарынан тұрғын үй кешені толықтай қирап қалған. Ақпарат құралдарының хабарауынша, үйінділер астында әлі көп адам болуы мүмкін. Израиль қарулы күштері болса: «Мәлімет шындыққа жанаспайды, құрбандар саны әлдеқайда аз», - деп отыр. Сондай-ақ«бейбіт тұрғындар арасында шығынды болдырмауға тырысып жатырмыз» дегенді алға тартады.