Молдовада президент сайлауы және референдум өтіп жатыр

Молдовада бүгін президент сайлауымен қатар референдум өтіп жатыр.

Бүкіл ел бойынша 2 мыңдай дауыс беру учаскесі ашылған. Президенттікке 11 адам үміткер. Бірақ сарапшылар 2 кандидаттың жеңіске үміті зор екенін айтады. Бұл қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду және бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло. Сонымен қоса тұрғындар Молдованың Еуроодаққа қосылуы үшін конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты да өз таңдауын жасауы керек. Мемлекет 2022 жылы одаққа мүше болуға үміткер ел мәртебесін алған.