Газа секторында 133 мың адам ашқұрсақ жүр

Газа секторы тұрғындарының 86%-і тамақ таппай отыр. 133 мың адам аштықтың алдында тұр. Халықаралық ұйымдар өңірге гуманитарлық көмек жеткізу жағын ретке келтіруге шақырды.

Олар бұған Израиль әскері кедергі жасап отырғанын айтады. Бірақ еврей елінің қарулы күштері мұны жоққа шығарды. «Егер атыс тоқтамаса, көктемге дейін аш адамдар саны 300 мыңға жетеді», – дейді мамандар.