Израиль Бейруттағы әуежай маңын бомбалады

Израиль де қарап жатқан жоқ. Бейруттағы әуежай маңын бомбалады. «Рейтер» агенттігі стратегиялық нысанға 500 метр аумаққа бірнеше зымыран атылғанын айтады. Израиль әскері «Хезболла» қозғалысына демеуші болып отырған қаржылық ұйымның филиалдарына 3 рет шабуыл жасаған.

Жалпы 31 бөлімшесі бар аталған қаржы мекемесі «Хезболла» жасағына жалақы төлеп, қару-жараққа ақша береді деген дерек бар. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.