Молдовадағы референдумда Еуроодаққа қарсы дауыс басым түсті

Молдовадағы референдумда дауыс бергендердің жартысынан астамы еуроинтеграцияға қарсы шықты. Бұл – дауыстың 96%-ін өңдегеннен кейінгі бастапқы нәтиже. Азаматтар «Молдова Республикасын Еуропалық Одаққа қосу мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдайсыз ба?» деген сұраққа «иә-жоқ» деп жауап беру керек болған.

Түзету елдің Ата заңы Еуроодақ ережелері Молдовадағы заңдардан биік тұрады дегенді қарастырады. Елде референдуммен бірге президент сайлауы да өтті. Онда қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду 35% дауысқа ие болған. Ал оның басты қарсыласы, бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло Сандудан 5%-ке қалыс қалған. Сарапшылар: «2 үміткер екінші кезеңде қайта додағы түсуі мүмкін», – деп болжайды.