Кубаға «Оскар» дауылы келді
Кубада «Оскар» дауылы ойран салып жатыр. Метеорологтар: «Желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жетті», – дейді. Елдің шығысындағы Кариб теңізі маңында қалың жауын жауды. 2 күннен бері электр жарығы жоқ. Басқа да инфрақұрылым қираған, ағаштар опырылып, жағаға жақын аудандар су астында қалды.
Жалпы «Бостандық аралында» кейінгі 3 жыл бойы электр жарығы жиі өшеді. Оған электр желілерінің ескіргені, су электр стансыларындағы техникалық ақаулар мен жанармай тапшылығы себеп.