Суданда жүк тасымалдайтын ұшақты атып түсірді
Суданда үкімет әскерімен соғысып жатқан қарулы топ жүк тасымалдайтын "Ил-76" ұшағын атып түсірді.
Әуе кемесі Суданда қақтығыс болып жатқан Солтүстік Дарфур провинциясының үстінен өткен. Алдын ала мәлімет бойынша экипаж мүшелерінің арасында Ресей азаматтары болуы мүмкін. Судандағы Ресей елшілігі бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді.