Молдова халқы Еуроодаққа қосылуды қолдады

Молдова халқы Еуропалық Одаққа қосылуды қолдады.

Осы мәселе бойынша өткен референдумға қатысқандардың 50,42 пайызы еуроинтеграция үшін дауыс берген. Енді Конституцияға "Еуроодақ ережелері Молдовадағы заңдардан биік тұрады" деген өзгеріс енгізілуі мүмкін. Елде референдуммен бірге президент сайлауы да өтті. Бірақ 11 үміткердің ешқайсысы қажетті дауыс жинай алмаған. Сондықтан 3 қарашаға екінші кезең белгіленді. Ол кездегі тартыс қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду мен оның басты қарсыласы, бұрынғы бас прокурор Александр Стояноглоның арасында өтпек.