Түркия әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Түркияның барлық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені билік Анкарадағы лаңкестік оқиғадан кейінгі теракт қаупі жоғары екенін айтады. Қазір әуе айлағының аумағына кірген көліктерлің барлығы жіті тексеріліп жатыр. Жолаушыларды да қосымша тексеру күтіп тұр. Сондықтан оларға әуежайға ұшу уақытынан кемі 3 сағат бұрын келу қажеттігі туралы ескертілді. Кеше Анкарада Аэроғарыш компаниясы ғимаратының аумағында жарылыс болып, артынша атыс дыбыстары да естілген. Соңғы мәлімет бойынша лаңкестік оқиғадан 5 адам көз жұмып, тағы 20-дан астамы жараланған.