Иран Израиль шабуылына жауап беруді өзі шешеді деп мәлімдеді

Иран Германия канцлері Олаф Шольцтың Израильдің әуе соққыларына қарымта қайтармау туралы үндеуіне жауап берді. Парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи: «Иран не істеу керектігін өзі шешеді», – деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Израильдің әрекеті Ислам Республикасының егемендігіне қол сұғып, аумақтық тұтастығын, сондай-ақ халықаралық құқық және Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын бұзады. Аракчи Израиль шабуылынан 4 парсы сарбазы қаза тапқанын жеткізді. Дипломат Біріккен Ұлттар Ұйымын Израильдің әрекетін айыптауға және шұғыл жиналыс өткізуге шақырды.