Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп жатыр

Өзбекстанда парламент сайлауы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Жалпы шамамен 19 миллион 800 мың дауыс беруші тіркелген және 10 717 учаске бар. Оның 56-сы 39 елде ашылған. Ташкентте 10 учаскеде алғаш рет электронды дауыс беру сынақтан өткізілмек.

Бұл елде экзитпол жүргізуге заңмен тыйым салынған. Дауыс берушілердің 33%-і қатысса, сайлау өтті деп саналады. Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы бастапшы нәтижені ертең жариялауға тиіс. Саяси науқан барысын 65 мың жергілікті және 850-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды. Биыл тұңғыш рет парламентке аралас сайлау жүйесі енгізілді. 75 депутатты азаматтар, тағы 75 депутатты партиялық дауыс негізінде сайлайды.