Аустрияда 28 млн пластик бөтелке қайтарылып жатыр

Coca-Cola компаниясы Аустрияда 28 миллион пластик бөтелкені кері қайтарып жатыр. Бұған себеп, өндіріс кезінде ақау шығып, шөлмектерге метал сынығы түсіп кеткен екен.

Сатып алған тұтынушылар сусынды дүкендерге апарып, ақшасынан бөлек өтемақы да алады.

Айта кетейік, елдегі компания мұндай көлемде шығарылған өнімді алғаш рет қайтарып жатыр.