Б. Нетаньяху: Біз уәдемізде тұрдық

Израиль Иранның әуе қорғаныс жүйесі мен зымыран шығаратын нысандарына ауыр соққы берді.

Бұл туралы еврей елінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның айтуынша, 26 қазандағы түнгі шабуыл барлық мақсатына жеткен. 4 парсы сарбазы қаза тапты. Әзірге ядролық және мұнай нысандарына соққы жасалмаған. Ресми Тель-Авив Иран Ливандағы "Хезболла" мен Газа секторындағы "Хамас" ұйымдарының басты қолдаушысы деп айыптап отыр.

Израиль

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

"Біз өз уәдемізді орындадық. Еліміздің әскери-әуе күштері Иранның барлық аумағына дәл және күшті соққы берді. Қорғаныс-зымыран жүйелерін бомбаладық."