Әлемде «қараңғы туризм» дамып жатыр

Таяу Шығыста "қақтығыс қалашығы" құрылды.

Израиль басып алған аумақта "қараңғы туризм" дами бастады. 

- Әлем "дарк туризмге" көшкен. "Дарк туризм" дегенді бұрын-соңды естіп пе едіңіз?

- Қоғамда бұл жайында айтылып жүргенімен оның нақты не екенін былайғы жұрт біле бермейді. Бұл туризмнің жаңа түрі. 

Ағылшыннан енген бұл сөз қазақ қоғамында "қараңғы туризм" деп те айтылып жүр. Мұндай туризм нысандарына трагедиялық аймақтар мен қақтығыс алаңдары, әскери ескерткіштер жатады. 

Дарк туризмнің тамыры тереңде жатыр. Ғылыми тұрғыда 20 ғасырдың соңынан бастап қарқынды дами бастады. Толығырақ бірер секундтан соң айтып беремін.

Тамыры терең қараңғы туризм

Алғаш рет "қараңғы туризм" ұғымы 1996 жылы британдық ғалым Джон Леннон мен Малколм Фоли тарапынан енгізілді. Олар терминді адамдардың өлім, трагедия және апаттармен байланысты орындарға деген қызығушылығын зерттеу үшін қолданған. Кейін бұл ұғым ғылыми түрде жүйеленіп, туризмнің дербес бағыты ретінде таныла бастады. Алайда, қараңғы туризмнің тарихы әріректе жатыр. Мысалы, орта ғасырларда халық өлім жазасы мен қақтығыстарға жиі куә болды. Рим ареналарында гладиаторлық шайқасты көруге жиналғандар сөзімізге дәлел. Дәуір жылжыған сайын, соғыс алаңдары, зираттар мен батырлардың ескерткіші тарихи туризмнің басты нысанына айналды.

Өткенге көз жүгіртпей, болашақты болжау қиын. Қараңғы туризм адамзат тарихындағы ауыр оқиғаларды көзбен көріп, эмоционалды тұрғыда сезінуге мүмкіндік береді. Өткеніне саяхаттап, содан сабақ алуға үндейді.

                Мұндай оқиғаларды көру халықтың тарихын тануға деген құлшынысын арттырды. Польшадағы Освенцим концлагері, немістің Берлин қабырғасы және Бухенвальд концлагері, Франциядағы миллиондаған адамның сүйегі сақталған жер асты лабиринті әлем халқы жиі саяхаттайтын туристік нысанға айналды.

                Жапонияның әйгілі Хиросима-Нагасаки музейі, АҚШ-тағы әйгілі қылмыскерлер қамалған Алькатрас түрмесі мен Чернобыль апаты аймағын көруге келушілердің де қатары артқан. Тізімде еліміздегі әйгілі Алжир лагері де бар.+++

ЕУРОПА

  • Польша – Освенцим концлагері
  • Германия – Берлин қабырғасы және Бухенвальд концлагері
  • Франция – Катакомбалар, Жер асты лабиринтІ
  • Ұлыбритания – Лондон Тауэрі

АЗИЯ

  • Жапония – Хиросима және Нагасаки мемориалы
  • Камбоджа – Чоенг Эк, Туол Сленг музейі
  • Қытай – Нанкин қырғыны мемориалы

СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

  • АҚШ – 9/11 мемориалы, Алькатрас түрмесі
  • Колумбия – Пабло Эскобар турлары

ТМД ЕЛДЕРІ

  • Украина – Чернобыль апаты аймағы
  • Ресей – ГУЛАГ лагері
  • Қазақстан – АЛЖИР лагері

АФРИКА

  • Руанда – Геноцид мемориалдары
  • Оңтүстік Африка – Апартеид музейі 

ЦИТАТА

Филипп Стоун, Англиядағы Орталық Ланкашир Университеті қараңғы туризмді зерттеу институтының атқарушы директоры

Біздің мәдениетімізде кез-келген оқиғаның қараңғы тарапын көру құмарлығы қалыптасқан. Меніңше, біз мұндай жерге барған кезде бейтаныс адамдарды емес, көбінесе өзімізді және осы жағдайда не істей алатынымызды көреміз".

2034 жылы қараңғы туризмнің нарықтағы көлемі $40 млрд жетеді 

[4k] Иә, жер шарын шарлаушылардың дені қақтығыс ошақтары мен трагедиялық аймақтарға саяхаттағанды құп көреді. Оған кейінгі деректер дәлел. Статистиканы сөйлетсек, биыл бұл туризмнің нарықтағы жалпы көлемі шамамен 32 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл сегмент жыл сайын 2,5-2,9% тұрақты өсіп отыр. Future Market Insights болжамына сәйкес, алдағы онжылдықта көрсеткіш шамамен 40 млрд долларға жетеді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай туризмнің дамуына тарихи және эмоционалды маңызды орындарды тамашалауға деген сұраныстың артуы әсер етеді.

ЦИТАТА

Ронак Шах, Future Market Insights вице-президентінің орынбасары

"Адамдардың тыйым салынған тақырыптарды зерттеуге және тарихтың тұспалды тұстарымен танысуға қызығушылығы жоғары. Бұл құлшыныс қараңғы туризм нарығының негізгі қозғаушы күші саналады."

Қараңғы туризмнің нарықтағы көлемі:

2024 жылы - 32 млрд доллар

2034 жылы - 40 млрд доллар

Жыл сайын 2,5-2,9% өсіп отыр

Таяу Шығыста, Израиль басып алған аумақта "қараңғы туризм" дами бастады. Көктемнен бастап Израиль өртенген көліктер мен қираған ғимараттардың қалдықтарынан арнайы қалашық құрып, әскери мұражай мен ескерткіш орнын ашқан. Тіпті, қақтығыс кезінде қаза тапқан израильдік құрбандардың зираты да келушілерге көрсететін жерге айналыпты. Ұйымдастырушылар туристерді тарту үшін тағы да осындай орындар ашып, санын арттырып, дарк туризмді дамытуды жоспарлап отыр. Сөйтіп "оларды еліміздің тарихынан сыр шертетін маңызды жерлерге айналдырамыз", - дейді.

Дэнни Герман, туроператор:

"Айналаға қарасаңыз, туристердің қарасы қалың. Арнайы көлік жалдап, топ-тобымен келгендер де бар. Израиль шекарасына өту өте қиын. Соған қарамастан осы орынды тамашалау үшін жергілікті халықтан бөлек, сырттан келушілер көп. Бұл жер біртіндеп, туристік аймаққа айналады деп сенемін".

Қараңғы туризм келер жылы саяхаттың негізгі трендіне айналады.  Америкадағы    Journeyscape сарапшылары осындай болжам жасады. Сондай-ақ олар бұл құбылысты зерттегісі келетіндер үшін АҚШ-та жұрт көп баратын орындарды анықтады. Бір кездері туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеген Кентуккидегі аурухана қазір атышулы елес алаңына айналған. Жергілікті халық қайтыс болғандардың мазасыз рухтары әлі де барын айтады. Сан-Хоседегі Винчестерлер үйі. Құпия бөлмелерге толы бұл ғимараттарда елестер өмір сүреді деген жергілікті халық арасында наным-сенім бар. Ал Алькатрас аралындағы оқшауланған темір торда Американың ең қауіпті қылмыскерлері жазасын өтеген. Келушілер мен бұрынғы күзетшілердің айтуынша, әлі күнге бір түрлі дыбыстар естіліп, қорқынышты елестер көзге анық көрінеді. Сарапшылар Америкаға жолыңыз түссе, міндетті түрде бұл орындарды тамашалауға кеңес береді.

Туристік индустрияда дарк туризм сұранысқа сай даму үстінде. Бірақ оны әр ел пайдаға кенелу үшін емес, тарихты сөйлетіп, өткеннен шынайы сыр шерту үшін дамытса игі.