Израиль Ливанның оңтүстігін атқылауды тоқтатар емес

Израильдің әскери күштері Ливанның оңтүстік аймақтарын шабуылдауды тоқтатар емес. Өткен демалыс күндері еврей армиясының атқылауынан 21 адам қаза тапқан. 20-дан астам азамат жарақат алды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Өз кезегінде «Хезболла» қозғалысы Израильдің Хайфа қаласының солтүстігінде орналасқан әскери кәсіпорынға зымыран ұшырғанын мәлімдеді. Ол тұрғын үйге түсіп, бірнеше көлікке зақым келтірген.